
Ресей футболының аңызы, "Қайрат" клубында доп тепкен Андрей Аршавин өзге елдерге барған сәттегі әсерімен бөлісті.
Ресей құрамасының және алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин АҚШ-қа жасаған сапары туралы «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында айтып, Санкт-Петербургтен тыс өзіне жайлы сезінген жалғыз қала Алматы болғанын атап өтті.
— Андрей, АҚШ-қа сапарыңыз қалай өтті?
— Керемет! Нағыз демалыс! Қараңызшы, мен әлі де осы футболканы киіп жүрмін (Аршавин Александр Овечкиннің 895 голдық рекордына арналған футболкасын көрсетеді — «СЭ»). Бұл менің Америкаға алғашқы сапарым емес. Бұған дейін Майамиде бірнеше рет болдым. Бірақ бәp біреулер оны АҚШ емес дейді.
— АҚШ-та ең қатты әсер еткен не нәрсе болды?
— Бұрын-соңды көрмегендей ерекше ештеңе болмады. Вашингтон — кең көшелері мен Капитолийімен әдемі қала. Атлантада болдық, бейсбол стадиондарына бардық. Мүлде басқа әлемде жүргендей әсер алдым.
— Сіз жақында АҚШ-тан оралдыңыз. Кезінде Лондонда ойнадыңыз. Санкт-Петербургтен басқа жерде тұру туралы ойланып көрдіңіз бе?
— Жоқ, мен өте үйге жақын адаммын. Мәскеудің өзінде маған қиын болушы еді... Бірақ, бір қызығы, Алматыда тұрдым. Ешқандай қиындық болмады.
Біздің серіктес: FONBET