«Қайрат» клубы Дженнифер Лопестің концертіне қатысты мәлімдеме жасады

21.05.2025, 20:20

«Қайрат» клубы тамыз айында Алматы қаласында өтетін Дженнифер Лопестің концерті жайлы келіссөздің болмағанын айтты. Мәлімдеменің толық нұсқасы төменде:

«Қайрат» клубы Дженнифер Лопестің концертіне қатысты мәлімдеме жасады

«2025 жылғы 10 тамызда Алматы қаласының Орталық стадионында концерт өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұйымдастырушылардың парақшаларында пайда болған хабарламаларға байланысты «Қайрат» ФК аталған күннің клубпен келісілмегенін түсіндіру қажет деп санайды.

2025 жылғы 16 мамырда «Қайрат» ФК Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясынан Орталық стадионды мәдени шараға алдын ала брондау туралы ресми хабарлама алды. Жауап ретінде ресми хатта (20.05.2025 жылғы шығыс № 994-03101) клуб ҚР Чемпионаты Премьер-лигасының бекітілген спорттық күнтізбесіне, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубының еурокубок аясындағы халықаралық міндеттемелеріне байланысты көрсетілген мерзімде стадионды пайдалануға болмайтынын хабарлады.

Республикалық жарыс күнтізбесіне енген «Қайрат» ФК — «Жеңіс» ФК ресми матчы 9 немесе 10 тамызда стадионда өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар 7 және 12 тамызда команда еурокубокқа қатысады. Осыған байланысты стадион УЕФА талаптарына сәйкес міндетті түрде дайындалады. Бұл күндері басқа шараларды өткізуге болмайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, «Қайрат» ФК ресми түрде дәлелді бас тарту жіберілген күні концерт өткізетіні туралы жария хабарландыруға таңғалды. Клуб мәдени бастамаларды құрметтейді әрі диалогқа ашық. Біз Орталық стадионды пайдалану кестесін әзірлеуде барлық мүдделі тараптың одан әрі сындарлы өзара әрекетін күтеміз».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×