Андрей Аршавин «Зенит» клубына директор болып тағайындалды

03.08.2020, 03:15
Аршавинге бапкер болған дұрыс еді.
Андрей Аршавин «Зенит» клубына директор болып тағайындалды

«Зениттің» бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин Санкт-Петербург клубының спорт мәселелері бойынша жастар футболын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

«2 тамызда "Зениттің" бұрынғы жартылай қорғаушысы жаңа қызметке тағайындалды», - деп хабарлады Санкт-Петербург клубының баспасөз қызметі.

Аршавин спорттық мансабын 2018 жылдың қараша айында аяқтады. Ойын мансабын аяқтағаннан кейін ол "Зенит" академиясының жаттықтырушылар біліктілігін арттыру орталығында оқыды, D және C санаттарында лицензия алды және 2004 жылы туылған жасөспірімдер командасында жұмыс істей бастады. Аршавин сонымен қатар жастар футболы жөніндегі бас директордың кеңесшісі болып та жұмыс істеді.

2019 жылдың қазан айында Аршавин бапкер ретіндегі алғашқы олжасын жеңіп алды. Аршавин мен Дмитрий Поляковтың басшылығымен «Зенит» академиясының 2004 жылғы командасы Санкт-Петербург кубогын жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×