Бауыржан Турысбек басқа клубқа ауысуы мүмкін

03.08.2020, 14:24
Ол «Шахтермен» Премьер-Лигада небәрі 3 матч өткізді.
Бауыржан Турысбек басқа клубқа ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек қостанайлық «Тобылға» оралуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

28 жастағы футболшы жақында қарағандылық «Шахтермен» қоштасады, клуб оның орнына өзінің шәкірті Айдос Таттыбаевты шақырған болатын. «Тобыл» 2018 және 2019 жылғы маусымда Қостанайда ойнаған Тұрысбекті қайта алуға мүдделі. Ойыншының «Тараз» бен «Каспийден» де ұсыныстары да бар.

28 жастағы Тұрысбек қысқы терезеде «Шахтерге» ауысып, КПЛ-дің үш матчында бір гол соқты - 2016 жылдан бастап 2017 жылға дейін ойнаған «Қайраттың» қақпасына (1:0). Бауыржан мансабында «Жетісу», сербиялық «Раднички», Семейдің «Спартак», «Сұңқар» командаларында доп тепкен. Тұрысбек Қазақстан құрамасы үшін 14 матч өткізіп, үш гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×