Андрей Ферапонтов «Оқжетпестен» кетті

03.07.2025, 17:26

«Оқжетпес» бас бапкері Андрей Ферапонтов қызметінен босатылды. Бұл шешімді клуб басшылығы қабылдаған. Ресми түрде себептер нақты айтылмағанымен, түрлі БАҚ беттерінде бұл шешімді Қазақстан премьер-лигасының 12-турындағы «Астанаға» қарсы өткен күмәнді матчпен байланыстырады.

Андрей Ферапонтов «Оқжетпестен» кетті
Андрей Ферапонтов

Аталған ойында бапкер матчқа небәрі бір сағат қалғанда күтпеген қадамға барып, негізгі құрамға дебютант Данил Подымскийді қосқан. Бұл шешім көпшілік арасында сынға ұшырады. Кездесу астаналықтардың 5:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
 

Ферапонтовтың жетекшілігіндегі соңғы ойындарда «Оқжетпес» нәтижелері көңіл көншітпеді. Команда соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліп, небәрі бір ұпай ғана еншіледі. Турнирлік кестеде клуб төменгі орындарда қалды және бұл жағдай жанкүйерлер мен басшылықтың наразылығын тудырды.

Бапкер ауыстыру туралы шешім клубтың болашағына серпін береді деген үміт бар. «Оқжетпестің» жаңа бапкері туралы ақпарат алдағы күндері жария етіледі деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×