
“Атырау” клубқа түк пайдасы тимеген шабуылшы Гиорги Никабадзенің кеткенін хабарлады.
Гүржі Гиорги “мұнайшылар” сапына команданың Түркиядағы ОЖЖ кезінде келіп қосылған болатын. Сонда жарақат алып, 5 айға созылған ем-дом шараларын қабылдап жатты. Сол уақыт аралығында “Атырау” Никабадзенің келісім шартын бұзу жайында шешім қабылдай қоймады. Футболшы ауруханада жатты дегені болмаса, басқа ойыншылар секілді тұрақты түрде жалақысын алып отырды. Бір өкініштісі алған ақшасын ақтайтын бірде бір ресми ойыны жоқ… Жанкүйерлердің өзі клубта бұндай ойыншы бар екеніне аң-таң. “Атырау” клубы да Түркиядан кейін төрт қабырғада емделіп жатқан Гиорги жайында осы уақытқа дейін бір ақпарат бермепті.
Еске салсақ, Никабадзе “Атырауға” өзбекстандық “Навбахордан” ауысты. Қазақстанға табаны тиместен бұрын Гиорги “Гурия”, “Самгурали”, “Телави”, “Гуджа Юнайтед”, “Динамо Батуми” және “Нефтчи” командаларының намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET