Гиорги Зариа қайта қатарға қосылды

03.07.2025, 20:20

Алматының «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі жартылай қорғаушы Гиорги Зарианың командаға қайта қосылғанын хабарлады.

Гиорги Зариа қайта қатарға қосылды

Клубтың Instagram парақшасында: «Кім қайта оралды деп ойлайсыңдар? Ол қайта келді!» — деген жазба жарияланды.

Кәсіпқой футбол лигасындағы (КПЛ) үзіліс кезінде алматылық клубтың көшбасшыларының бірі – Гиорги Зариа Грузия ұлттық құрамасына шақырту алған. Грузия құрамасы екі жолдастық матчын өткізді. 5 маусымда Фарер аралдарын 1:0 есебімен жеңді және 8 маусымда Кабо-Вердемен тең түсті (1:1).

Ал грузиялық футболшы бұған дейін алматылық команда сапында 24 мамыр күні “Оқжетпеске” қарсы ойында алаңға шыққан еді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Қайрат» 33 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Ертең алматылықтар чемпионаттың 15-туры аясында Түркістанның «Тұран» клубын өз алаңында қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×