
42 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов жақын арада Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалмақ.
Қайрат Нұрдәулетов бапкерлік мансабын Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабында бастаған. Кейін Қазақстан футбол федерациясында ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар, ол Қазақстанның жастар құрамасы (U-21), «Мақтаарал», «Жетісу» және «Ертіс» клубтарына жетекшілік еткен.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасында бірінші айналымның басты сенсацияларының біріне айналған «Оқжетпесті» баптаған Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET