Андрей Карпович «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

07.05.2022, 04:33
Қазақстандық маман алдағы уақытта Еуропаға барып, шеберлігін шыңдамақ.
Андрей Карпович «Ақтөбенің» бас бапкері атанды

«Ақтөбе» футбол клубы Андрей Владимирович Карповичпен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

Футболшы ретінде Карпович 2010 жылы «Ақтөбенің» намысын қорғап, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

41 жасар маман бұған дейін алматылық «Қайраттың» бапкерлік штабында шеберлігін шыңдап, кейін екі жыл бойы көкшетаулық «Оқжетпестің» тізгінін ұстаған. 

Былтыр петропавлдық «Қызыл-Жардың» бас бапкері болып тағайындалып, 2021 жылғы маусымның қорытындысы бойынша ұжымды төртінші орынмен УЕФА Конференция лигасына шығарған еді. 

Биыл Қазақстан ұлттық құрамасы бас жаттықтырушысының міндетін атқарып, Ұлттар лигасындағы С Лигасы үшін таласта өткен өтпелі матчта Молдованы жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×