«Ақтөбе» бас бапкердің міндетін атқарушы маманмен қоштасты

07.05.2022, 03:32
Келісім-шарт өзара мәміле бойынша бұзылды.
«Ақтөбе» бас бапкердің міндетін атқарушы маманмен қоштасты

«Ақтөбе» футбол клубы және Петр Бадло өзара мәміле бойынша еңбек шартын үзісті.

Петр Климентьевич 2021 жылғы маусымның тамыз айында бас бапкердің көмекшісі болып тағайындалған болатын.

Бадло футболшы ретінде «Ақтөбе» құрамында 8 жылдың ішінде 4 рет Қазақстан чемпионы, 2 рет күміс жүлдегер, 3 рет қола жүлдегер атанған болатын. Клубтың аңызына айналған футболшы бір рет ҚР Кубогін жеңіп, 3 рет Суперкубок иегері және Достастық Кубогінің күміс жүлдегері атанды.  

2018-19 жылы да ол «Ақтөбе» футбол клубында бас жаттықтырушының көмекшісі қызметін атқарған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×