Футбол матчтары 60 минутқа қысқаруы мүмкін

07.05.2022, 00:43
Сондай-ақ футзалдағыдай «таза ойын уақыты» енгізілмек.
Футбол матчтары 60 минутқа қысқаруы мүмкін

УЕФА төрешілер комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина, Халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі (IFAB) және Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) матчтарды 60 минутқа дейін қысқарту нұсқасын қарастыруда. Сондай-ақ «таза» ойын уақытын (футзалдағыдай) енгізу мүмкіндігі де талқылануда, деп хабарлады бұрынғы төреші Марк Клаттенбург Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

«Төрешілер қосымша уақыттың даулы мәселе екенін біледі. Жеңген команда аз, жеңілген команда көп уақыт қосылғанын қалайды. Менің ойымша, тығырықтан шығудың жолы бар - бұл «таза ойын уақыты» енгізілген 60 минуттық матчтар. Бұл идеяны қазір Пьерлуиджи Коллина, ФИФА және IFAB қарастырып жатыр. Бұл жүйе баскетболда жұмыс істейді, футболға да енгізілуі мүмкін.

Доп ойыннан шыққанда, жарақат алған ойыншы емделгенде немесе ойыншылар төрешімен сөйлескенде уақыт тоқтатылады. Осылайша, әрбір матчтың ұзақтығы бекітіледі және біз уақыт мәселесіндегі қайшылықтан құтыламыз», - деді Клаттенбург.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×