
«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович «Тұранға» қарсы кездесуді қортындылап, семейлік клубтың мақсат-міндеттерімен бөлісті.
13-турда «Елімай» түркістандық ұжымды қабылдап, 2:1 есебімен басым түскен болатын.
«2:1 деген есептің өзі де бізді қуанта алмады. Мұның өзі де клубтың дұрыс бағытта келе жатқанынан хабар береді. Бізде үлкен мәселелер бар, бірақ олар туралы тіс жармаймыз. Бұл біздің ішкі жағдай. Таяу арада бізбен бірнеше футболшы қош айтыспақ. Бұл - өмір. Трансферлік терезе ашылады, жабылады, бұл спорттағы қалыпты құбылыс. Клуб үшін шайқасып, қиындықтарға төзгісі келмейтіндерге есік ашық деп айттық. Мұнда жеңіске жеткісі келетін, жүгіріп, тырысатындар қалуы тиіс. Ал кеткісі келетіндер, кетеді. Бұл қалыпты дүние», - деді А. Карпович семейлік клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
«Елімай» 13 матчтан кейін 25 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан. «Елімай» келесі турда 29-маусымда «Қайсармен» жолығады.
Біздің серіктес: FONBET