«Атырау» клубы Молдовада ойнайтын қазақстандық футболшыны қатарға қосады

23.06.2025, 19:41

Өткен турда бас бапкері мен 8 футболшысымен қош айтысқан «Атырау» клубы трансферлік кезеңге белсенді дайындалып жатыр.

«Атырау» клубы Молдовада ойнайтын қазақстандық футболшыны қатарға қосады

Инсайдтарға сенетін болсақ, «Атырау» командасы Молдова чемпионатының «Балти» клубында доп тебетін 21 жастағы Вадим Яковлевке көз тігіп отыр. Футболшы биылғы маусымда 20 ойынға қатысып, 2 гол соққан. 

Сондай «мұнайшылар» сапына 28 жастағы Айбол Жахаев та қосылуы мүмкін. Қазіргі сәтте ойыншы ешқандай клубта өнер көрсетпейді. Бұған дейін 2023 жылы «Қыран» командасында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, қазіргі сәтте  «Атырау»  13 турдан соң, 4 ұпаймен турнир кестесінің соңғы орынында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×