
Беларусьтік 41 жастағы маман Виталий Жуковский «Атырау» командасы бас бапкері болып тағайындалды.
Виталий Леонидович бұған дейін 2022-2024 жылдар аралығында “Атырау” бас жаттықтырушысы болды. Өткен жылы команданы Қазақстан Кубогінің финалына дейін жеткізіп, “Ақтөбеге” есе жіберді. Сондай-ақ, команда былтыр чемпионат аясында соңғы жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді.
В. Жуковский 1984 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2010 жылы беларустік «Ислочь» командасының бас бапкері болып бастады.
2015 жылы аталған ұжым Белорус бірінші лигасының жеңімпазы болды. 2020 жылы сол елдегі БАТЭ клубының тізгінін ұстап, чемпионаттың күміс медалі мен кубок иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET