«Қайсардың» тағдыры не болмақ, көшбасшы футболшылар кете ме? Клуб өкілдері соңғы шешімді айтты

24.06.2025, 10:57

Қызылордалық «Қайсардың» баспасөз-қызметінің жетекшісі Ерасыл Шарбек клубтың қазіргі қаржылық жағдайы мен кетуі мүмкін деген футболшылары туралы айтты.

«Қайсардың» тағдыры не болмақ, көшбасшы футболшылар кете ме? Клуб өкілдері соңғы шешімді айтты
Айбол Әбікен

«Шыны керек осы уақытқа дейін де жарияладық - біздегі ең үлкен жалақы 2 миллион теңге тұғын. Соған сай, әр футболшының деңгейіне қарай бонустар жазылған еді. Әр футболшының деңгейіне байланысты келісімшартында көрсетілген. Күні кешеге дейін ол бонустардың берілмей келгені жасырын емес. Бұл бонустар да белгілі бір демеушілермен келісіліп отырып тағайындалған болатын. Бірақ кейіннен ол демеушілерден нақты шешім болмай, қиындықтар туындап, осы кезге дейін бонустар берілмей келді. Кеше клуб директоры, спорт директоры бар, бірлесіп демеушілерден келген ақшадан осындай бонустарды бере бастады. Бұл дегеніміз алдағы уақытта бес футболшы командада қалады, жазғы трансферде ешқандай өзгеріс болмайды», - деді Е.Шарбек «Asi_inside» YouTube-арнасының эфирінде.

Естеріңізде болса, БАҚ-та қызылордалық клубтың қаржылық қиындықтарына байланысты Айбар Жақсылықов, Айбол Әбікен, Думан Нәрзілдаев пен Қуаныш Қалмұратов командамен қош айтысуы мүмкін деген ақпарат тараған. «Дала қасқырлары» өткен турда «Ұлытаумен» ұпай бөлісті 1:1. Виктор Кумыков жаттықтыратын қызылордалық ұжым 13 турдан кейін 13 ұпаймен оныншы орынға жайғасқан. Келесі турда «Елімаймен» кездеседі (29-маусым).     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×