Алматыда жеңіске жетеді... Словениялық маман «Қайраттың» ЧЛ-дағы мүмкіндігін бағалады

24.06.2025, 12:15

Словениялық комментатор Урбан Лауренчич ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңіндегі «Олимпия» - «Қайрат» теке-тіресіне тоқталып, командалардың мүмкіндіктерін таразылады.

Алматыда жеңіске жетеді... Словениялық маман «Қайраттың» ЧЛ-дағы мүмкіндігін бағалады
"Қайрат" футболшылары жаттығуда

«Олимпиада» жаңа бапкер, көптеген жаңа футболшылар бар. Екі апта дайындық барысында олар мықты команда болып үлгере ме? Бұлай болады деп ойламаймын. Меніңше, «Қайрат» Люблянада тең ойнап, Алматыда жеңіске жетеді. Сондай-ақ, жалпы бұл бәсекедегі мүмкіндік 50/50 пайыз болады деп үміттенеміз. Бұл жерде біз салқынқандылық танытып, көп үміт артпаймыз. Тек әдеттегідей іріктеу кезеңінің ойындары ретінде қарауға тырысамыз. Клуб басшысы команданың үздік үш футболшысын сатып жіберген, енді солардың орнын басуға міндетті ойыншылардың өз міндетін қалай атқара алатынын көреміз. Бұрынғы жылдары трансферлер сәтті болатын. Осы жолы да солай бола ма? Мұны ешкім білмейді», - деді У. Лауренчич «Sports.kz» порталына берген сұқбатында.

«Қайрат» пен «Олимпия» арасындағы матчтар шілденің 8-і мен 15-нде болады. ҚПЛ чемпионы алдымен сырт алаңда ойнайды, жауапты матч Алматыда өтеді. Қай жеңгенің ЧЛ-ның екінші іріктеу кезеңіне шықса, ұтылғаны Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×