
«Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович ҚПЛ-дің 7-турында «Оқжетпеске» қарсы өткен кездесу жайлы ой-пікірін айтып, қарсыластың өнерін бағалады.
Айта кетейік, өткен демалыста семейлік команда күтпеген жерден өз алаңында көкшетаулық ұжымнан ұтылып қалды 0:2.
«Ойын жайлы айтсақ, қарсылас бүгін әлдеқайда мықты, айлалы болды, мұны мойындау керек. Неге екенін білмедім, бірақ бүгін біздің қолымыздан ештеңе келмеді. Ал қарсылас жалпы алғанда көңілімнен шықты – ұйымдасқан, еш қысылмай ойнайтын команда. Жеңіске ашығып қалған жігіттер екен – олардың құрамында талай қиындықтар туындата алатын жас футболшылар бар, сонысын паш етті. Құрамында тепе-теңдік сақталған, жақсы команда, бүгін бізге кәдімгідей сабақ болып отыр, мойындау керек. Ал өз тарапымыздан кешірім сұраймыз, дәл осындайды күтпеген едік. Жеңіске жеткіміз келді – бұл өз алаңымыздағы бірінші ойын, алайда үйде бұлай ойнауға болмайды, - деді А.Карпович семейлік клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында.
Сонымен, премьер-лиганың 7 турынан кейін «Елімай» 13 ұпаймен 5-сатыға жайғасса, «Оқжетпес» 6-орынға көтерілді. Көкшетаулықтардың еншісін 11 ұпай.
Біздің серіктес: FONBET