
Relevo басылымының журналисі Родраның хабарлауынша, "Реал Мадрид" клубы Бразилиялық шабуылшы Родригоны сатуға дайын. "Мадридтіктер" оның трансферлік бағасын 100 миллион еуро деп белгілеген. Ойыншыға "Манчестер Сити" мен «Арсенал» клубтары қызығушылық танытуда.
"Манчестер Сити" Родригоға біраз уақыттан бері қызығушылық білдіріп келеді, ал "Арсенал” жақында ғана оның жағдайы туралы нақты сұрау салып, байланыс орнатқан. Бұл екі клуб та шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр және Родриго олардың дәл ойындағы футболшы.
Алайда, Родригоның өзі алдымен "Реал Мадридпен" сөйлесіп, командадағы орны туралы нақты жауап алуды қалайды. Тек содан кейін ғана ол өз болашағы жөнінде шешім қабылдайды.
Оның командадан кетуіне Килиан Мбаппе мен Трент Александр-Арнолд секілді жаңа ойыншылардың келуі әсер етуде.
Біздің серіктес: FONBET