Қонақжайлық танытқан тур: Премьер-лиганың өткен аптасы қалай өтті?

05.05.2025, 16:38

3-4 мамыр күндері Қазақстан чемпионатының кезекті туры өтті.
 

Қонақжайлық танытқан тур: Премьер-лиганың өткен аптасы қалай өтті?

Қандай жайттар тіркелді?

- 7 матчта 16 гол соғылды;

- 38 сары қағаз көрсетіліп, 2 ойыншы алаңнан қуылды;

⁃ 7-тур ойындарын 27 800 адам стадионнан тамашалады.

⁃ Ең көп 8 000 жанкүйер «Елімай» - «Оқжетпес» ойынын тамашалады.

⁃ 7-турда 221 футболшы алаңға шықты. Олардың арасынан 124 отандық футболшы (негізгі құрамда 75 ойыншы, қосалқы құрамнан 49 ойыншы) доп тепті.

⁃ «Жетісу» 2 айдан бері қарсылас қақпасына гол соға алмай келеді.
⁃ «Ұлытау» 4 ойыннан кейін гол соқты.
⁃ «Ордабасы» Атырау қаласында араға 6 жыл салып, жеңіске жетті.
⁃ «Қайсар» өз алаңындағы 4 матчта да тең тарқасты.
⁃ «Тұран» – «Жетісу» арасындағы кейінгі екі кездесуде де есеп ашылмады.
⁃ Дастан Сәтпаев алғашқы маусымындағы голдар санын 6-ға жеткізді.

Қай мемлекеттің өкілдері көзге түсті?

Қазақстан - 10
Беларусь - 2
Грузия - 1
Албания - 1
Черногория - 1
Бразилия - 1

Ойын нәтижелері:

«Ұлытау» – «Қайрат» – 1:4
«Жеңіс» – «Ақтөбе» – 0:1
«Атырау» – «Ордабасы» – 1:2
«Тұран» – «Жетісу» – 0:0
«Қайсар» – «Астана» – 1:1
«Елімай» – «Оқжетпес» – 0:2
«Тобыл» – «Қызылжар» – 2:1 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ
Aladop Youtube
×