Андрей Карпович «Оқжетпесте» қала ма?

01.10.2020, 15:06
Қоржынында 6 ғана ұпайы бар «Оқжетпес» оныншы орында тұр.
Андрей Карпович «Оқжетпесте» қала ма?

«Оқжетпес» клубының спорт директоры Ержан Жамбыров команданың бас бапкері Андрей Карповичке сенім артатынын айтты.

– Команданың сәтсіз сериясынан соң жаңа маман қарастыру ойда болды ма?

– Жоқ, біз бас бапкерімізге толық сенім артамыз. Естеріңізде болса, өткен жылы біздің нашар өнер көрсеткен сәттеріміз болды. Дегенмен уақыт өте команданың ойыны жүріп, нәтиже жақсарды. Соңында клуб тарихындағы ең жоғарғы орынға көтерілдік.

– БАҚ Андрей Карповичке ел чемпионы «Астана» тарапынан қызығушылық бар екенін жазды. Бұл рас па? 

– «Астана» секілді команданың назарына тек мықты мамандар ілінетіні анық. Андрей Карповичтің командада қалатынына сенімді болдық, өйткені оның келісімшарты бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×