«Бавария» - Германия Суперкубогының иегері

01.10.2020, 13:49
Бұл Мюнхендік команданың жаңа маусымда жеңіп алған екінші кубогы
«Бавария» - Германия Суперкубогының иегері

Германия Суперкубогы үшін болған матчта Дортмундтық "Боруссия" Мюнхендік "Баварияға" есе жіберді. Кездесу Мюнхендегі "Альянц-Арена" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Есепті 18-минутта Корентин Толиссо ашты. Томас Мюллер 32-минутта есептегі басымдылықты арттырды. Дэвистің айып алаңына сол қапталдан қиып берген пасын Мюллер голға айналдырды.

7 минут өткен соң Юлиан Брандт есепті қысқартты. 55-минутта Холланд қақпашымен бірге-бір шығып, есепті теңестірді. 82-минутта Йозуа Киммих "Боруссия" қақпасына жеңіс голын соқты.

Осылайша, "Бавария" 8-ші рет Германия Суперкубогын жеңіп алды. "Боруссия" турнирде 6 рет жеңіске жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×