Михал Билек ұлттық құрамада жаңа шабуылшыны ойнатып көрмек

01.10.2020, 02:47
Айбар ұлттық құрамадағы дебюттік ойынын өткізуге дайын.
Михал Билек ұлттық құрамада жаңа шабуылшыны ойнатып көрмек

«Жетісу» футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылды.

Михал Билектің 23 жастағы шабуылшыны ұлттық құрамаға шақыруының басты себебі - Айбардың «Шахтерға» қарсы матчтағы керемет ойыны. Жақсылықов ол матчта дубль авторы атанып, "Жетісудың" ойынға қайта оралуына мүмкіндік жасап берген болатын. Шабуылшы алаңға екінші таймда шыққан еді.

Айбар Жақсылықов биылғы маусымда Талдықорғандық клубтың негізгі ойыншысы бола алмады. Соңғы матчта "Жетісу" "Астанадан" 3-0 есебімен жеңілген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×