27 жастағы қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шмидт "Қызыл-Жарға" ауысады, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Клубтың жаңа бас бапкері Андрей Карпович бұл ойыншының мүмкіндіктерін жақсы біледі. 2016 жылы екеуі де "Алтай" сапында, ал 2020 жылы Шмидт Карповичтің басшылығымен "Оқжетпес" сапында өнер көрсетті.
Өскемен футболының шәкірті Дмитрий Шмидт мансабын 2011 жылы "Востоктың" екінші командасында бастады. 2013 жылы ол "Восток" сапында Премьер-лигадағы дебюттік матчын өткізді (2 матч). Ол сондай-ақ Бірінші лигада "Алтай" сапында (26 матч, 2 гол), ал Премьер-лигада "Ақжайық" (28 матч, 1 гол), "Ертіс" (60 матч) және "Оқжетпес" (11 матч) командаларында ойнады.
Жалпы ол Қазақстан Премьер-лигасында 101 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET