Андрей Мирошниченко: «Премьер-лиганы кеңейту шешімін толық қолдаймын»

17.04.2015, 00:31
Андрей Мирошниченко: «Премьер-лиганы кеңейту шешімін толық қолдаймын»
«Ақтөбе» клубының  дене даярлығы бойынша жаттықтырушысы  Андрей Мирошниченко Қазақстан Кубогының жеребесі жөнінде және Премьер-лига регламентіне енгізілетін өзгерістер туралы пікірін білдірді.   Сонымен қатар, алдағы уақытта Қазақстан Премьер-лигасы мен бірінші лиганың регламентіне енгізілетін өзгерістерге тоқталды.   - «Ақтөбе» бұған дейін Қазақстан Кубогында «Ақжайықпен» ойнады. Матч тең аяқталып, пенальти сериясы бойынша оралдық футболшылар келесі айналымға өтті. Сол себепті жеребе сәтті болды деп айтуға болмайды. алайда,  бізге одан мықты қарсылас түсуі мүмкін еді.   - Жақында ҚФФ Конференциясында Федерация президенті Ерлан Қожағапанов ел чемпионатының форматына қатысты екі шешім шығарды. Бірінші лигада легионерлердің доп теппеуі және Премьер-лиганы 14 командаға дейін кеңейту. Бұл қаншалықты дұрыс шешім?   - Бірінші лигаға келсек, бұл жергілікті футболшыларды даму тұрғысынан дұрыс шешім. Олар ойында тәжірибе жинақтайды. Кейбіреуі топты жарып, жоғары деңгейде ойнауға мүмкіндік алады. Премьер-лиганы кеңейту шешіміне тоқталсақ, мен бұл шешімді толықтай қолдаймын. Алтылыққа бөліну мен ұпайды бөлу командалар үшін әділетті шешім деп санамаймын. Чемпионаттағы командалардың саны 14-ке ұлғайғаннан кейін ойын саны азайды. Бұл есепті Қазақстан Кубогындағы ойындарды екі матчтық кездесу арқылы толтыруға болады. kff.kz  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×