«Порту» мен «Барселона» жартылай финалға жақындай түсті

16.04.2015, 11:18
«Порту» мен «Барселона» жартылай финалға жақындай түсті
Футболдан Чемпиондар лигасы ширек финалының бірінші ойындары мәресіне жетті. «Порту» өз алаңында «Бавариядан» басым түссе, «Барселона» түзде «ПСЖ»-ны жеңді. Португалияда өткен «Порту» мен «Бавария» ойынында жанкүйерлер күтпеген нәтиже тіркелді. Хосеп Гвардиола шәкірттері ойында фаворит болғанмен, жеңіліс тапты. Мұны мюнхендік клубтың негізгі құрам ойыншыларының жарақат алуымен түсіндіруге болады. Кездесудегі есеп 3-минутта ашылды. Пенальтиден Рикарду Куарежма мүлт кеткен жоқ. Араға 7 минут сала Рикарду Куарежма дубль авторы атанды. 28-минутта Тьяго Алькантара есепті қысқартқанмен, екінші таймда Джексон Мартинес «Портуды» екі доп басымдығымен қайта алға шығарып кетті. Парижде «ПСЖ» каталондық «Барселонаға» есе жіберді. Ойында 1:3 есебі тіркелді. Қонақтар сапынан Луис Суарес дубль орындаса, бір допты Неймар өз еншісіне жазды. Ал алаң иелері еншісіне жазылған голды Жереми Матье өз қақпасына соғып алды. Бірінші ойында жеңіске жеткен «Порту» мен «Барселона» жартылай финалға жақындай түсті. Командалар арасындағы қарымта кездесулер 21-сәуір күні өтеді.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×