"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов "Шахтермен" болған матчты (1:0) қорытындылады:
- Команда матчты жақсы бастады, гол соқты, мүмкіндік көп болды. Бірақ бәріміз де түсінеміз, егер мүмкіндік болса, біз оны ойында қажетсіз мәселеге тап болмау үшін жүзеге асыруымыз керек. Екінші таймда біздің жолымыз болды - қарсылас бос қақпаға гол соға алмады. Бұл эпизодта жігіттер жауапсыздық танытты. Менің ойыншыларға шағымым бар, әсіресе қосалқы құрамнан алмасып шыққан ойыншыларға. Біз талап ететін нұсқауларды бәрі бірдей орындаған жоқ. Біз ойын барысында көп нәрсеге қол жеткізе алмадық, өйткені дұрыс әрекет етпедік. Сондай-ақ бүгін, өкінішке орай, төрешінің шешімдері көптеген сұрақтар туғызды, соның ішінде сары қағаздар көрсеткен сәттер: Чуперка допты таза алады, оған сары қағаз беріледі, сәл кейінірек Томасовқа қарсы дөрекі ойнайды - төреші оған мүмкіндік береді. Сонымен қатар, төреші "Шахтер" шабуылын жылдам бастау үшін допты алаңнан шығарып тастады. Шынымды айтсам, кез-келген ойында осындай сұрақтар туындайды, бізге қажет емес кезде көптеген сары қағаздар көрсетіледі.
- Андрей Валерийұлы, сіз бүгін сырқатыңызға байланысты ойыннан тыс қалдыңыз, өзіңізді қалай сезінесіз және команданың ойынын алыстан бақылай алдыңыз ба?
- Мен ауырып тұрмын, алдағы күндері жағдайым жақсарады деп үміттенемін, бірақ қазіргі уақытта біз медициналық қызметкерлермен бірге денсаулығыма қауіп төндірмеу туралы шешім қабылдадық. Мен жаттықтырушылар құрамына толықтай сенемін және біз әрдайым командамен және бапкерлермен байланыстамыз, өйткені қазір байланыс құралдары өте көп.
Біздің серіктес: FONBET