Шпилевский: «Өткен маусымның аяқталғанын түсінбесек, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз»

24.04.2021, 16:37
Ел чемпиондары кеше Премьер-лиганың аутсайдер командасынан жеңілді.
Шпилевский: «Өткен маусымның аяқталғанын түсінбесек, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз»

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Атырауға» қарсы өткен матчты (0:1) қорытындылады:

- Қазір ойынға арналған қандай да бір тактика немесе стратегия туралы және ол жүзеге асты ма, жоқ па, оны айтудың маңызы жоқ. Ойын жоспары маңызды емес, мұның бәрі жеңіске деген ниетпен, мақсатпен ұштасуы керек. Егер біз өткен маусымның аяқталғанын және әр қарсыласқа 100 пайыз дайын болу керектігін түсінбесек, онда ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз.

Бізді шын жүректен қолдайтын жанкүйерлердің алдында өзімді ыңғайсыз сезінемін, біз қазір оларды ренжітудеміз. Мен үшін бұл өте жағымсыз жағдай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×