Андрей Тихонов: «Кез-келген қарсыласпен алғашқы минуттан соңғы минутқа дейін ойнау керек екенін бәрі бірдей түсінбеді»

19.04.2021, 03:01
Елордалық команда матчтың тағдырын бар-жоғы екі минутта шешіп кетті
Андрей Тихонов: «Кез-келген қарсыласпен алғашқы минуттан соңғы минутқа дейін ойнау керек екенін бәрі бірдей түсінбеді»

«Астана» өз алаңында «Қызыл-Жар СК» командасын 3:1 есебімен жеңді. Елордалық команданың бас бапкері Андрей Тихонов матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Біз бірінші таймды сәтсіз өткіздік, көптеген қателіктер жібердік. Мұны футболшылардың шаршауына байланысты деп айта алмаймын, өйткені екінші таймда олар ойынға жаңа күш қосты, бұл «Ордабасыны» жеңгеннен кейінгі психологиялық жағдайға байланысты болды. Біздің ойыншылармен сөйлескенімізге қарамастан, кез-келген қарсыласпен бірінші минуттан соңғы минутқа дейін ойнау керек екенін бәрі бірдей түсінбеді. Үзіліс кезінде біз жігіттермен сөйлесіп, не істейтініміз туралы ақылдастық, нәтижесінде екінші таймда біз басқа футбол көрдік. Бірінші таймның нашар болғаны бапкерлер штабының кінәсі, біз өз ойымызды бәріне жеткізе алмадық. Екінші тайм үшін жігіттерге алғыс айтамын, біз алға қарай жылжып, келесі матчтарға дайындаламыз.

- Абзал Бейсебеков екінші таймда ауыстырылды. Бұл өзгеріске не себеп болды?

- Абзалда сары қағаз бар еді, қарсылас шабуылдарын үдете бастады, кездейсоқ екінші сары қағазды болдырмау үшін оны ауыстыруды жөн көрдік.

- Алда «Шахтермен» кездесу бар, ойынның «Астана Аренада» өтуі команда үшін артықшылық бола ма?

- «Шахтер» үшін бұл алаң өз алаңындай, олар осында жаттығады, біз сияқты ойнайды, сондықтан біз тең жағдайда боламыз. Егер біздің жанкүйерлеріміз кездесуге қатысуға рұқсат алса, онда бұл біз үшін артықшылық болар еді, біз қос команда да дайындалып жатқан алаңда ойнаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×