Кике Лопес «Кадете»: «Командалардың ойын стилі өзгеше екен»

19.04.2021, 04:03
Кадете «Астана» сапындағы екінші матчына қатысып үлгерді.
Кике Лопес «Кадете»: «Командалардың ойын стилі өзгеше екен»

"Астананың" испаниялық қорғаушысы Кадете "Қызыл-Жарға" (3:1) қарсы өткен ойын туралы пікір білдірді:

- Бүгінгі кездесу туралы не айта аласыз, қарсыласыңыздың деңгейі қандай екен?

- Мен "Қызыл-Жардың" жақсы команда екеніне келісемін. Олар жеңіске жету үшін не істеу керектігін біледі, бірақ менің ойымша, біз жақсы ойын өткіздік, матч бойы күшті болдық. Лайықты түрде жеңіске жеттік.

- Сіздің "Астанаға" келгеніңізге аз уақыт болды. Бұл сіз үшін жаңа тәжірибе, жаңа ел. Чемпионатқа бейімделу туралы не айта аласыз?

- Барлығы жақсы, бұл жердегі футбол мен ойын стилі өзгеше екен. Бірақ маған ұнайды, мен мұнда бәрінен ләззат алудамын. Қазақстан өте жақсы мемлекет.

- Бұрын ойнаған Мексика чемпионаты мен ҚПЛ деңгейлерін салыстыра аласыз ба?

- Мен тіпті білмеймін, бұл мүлдем басқа чемпионаттар, екеуі екі түрлі. ҚПЛ мен Мексика чемпионатын салыстыра алмаймын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×