Андрей Тихонов маусым соңында «Астанадан» кетеді

16.11.2020, 00:00
Сонымен қатар клубтың жаңа директоры Давид Лория да орнын босатуы мүмкін.
Андрей Тихонов маусым соңында «Астанадан» кетеді

"Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов маусым соңында қызметінен кетеді, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, "Астанадан" Тихоновтан басқа қарт футболшылар мен клуб деңгейіне сәйкес келмейтін ойыншылар, сондай-ақ бас директор Михаил Гурман, спорт директоры Ғани Қайназаров және атқарушы директор Давид Лория кетеді.

Тихонов "Астанаға" қазан айының ортасында келді. 50 жастағы маманның басшылығымен команда төрт кездесу өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, екі рет жеңіліске ұшырады.

16 ойыннан кейін 27 ұпаймен "Астана" Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр, ал біріншіліктің жеңімпазы мерзімінен бұрын анықталып қойды. Осы маусымның басында "Астана" Чемпиондар Лигасы, содан кейін Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×