Андрей Тихоновтың «Астана» клубында алатын жалақысысының қанша екені белгілі болды

18.10.2020, 00:51
Басқа кандидаттарға қарағанда сәл аз төленеді екен.
Андрей Тихоновтың «Астана» клубында алатын жалақысысының қанша екені белгілі болды

"Матч ТВ" бақылаушысы Константин Столбовский ресейлік маман Андрей Тихоновтың "Астанаға" тағайындалуы туралы, басқа кандидаттар және олардың қаржылық сұраныстары жайлы хабарлады.

Тихоновтың кандидатурасы өздігінен, ешкім ойламаған жерден пайда болғандығы атап өтілді. Оның алдында Дмитрий Парфенов, Юрий Вернидуб, Игорь Криушенко, Олег Кононов және Рашид Рахимов сияқты мамандар үміткерлер тізіміне енген болатын.

Әрқайсысының бағасы айына шамамен 50 мың еуроны құрайды: қазіргі "Астана" үшін өте көп. Матч ТВ арнасының хабарлауынша, Тихоновқа сәл аз төленеді (келісімшарттың талаптары айтылмады), бірақ ол клубпен көп саудаласпады.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" ресейлік маманды 16 қазанда ресми түрде команданың бас бапкері етіп тағайындаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×