Луис Суарес «Интер» клубының басшылары жайлы: «Оларға тек ақша керек»

17.10.2020 22:11 А сериясы

Қытайлықтар Миландағы спорт қалашығының атын өзгертіп үлгеріпті.

Луис Суарес «Интер» клубының басшылары жайлы: «Оларға тек ақша керек»

"Интердің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Луис Суарес Мирамонтес италиялық клубтың басшылығын сынға алды. Футболшы командада 1961-1970 жылдар аралығында ойнаған.

"Мен қазіргі "Интердегі" қытайлық басшыларды танымаймын. Онда ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген қызметкерлерді ғана білемін. Естеріңізде ме, жоқ па, бірақ мен "Интерде" тоғыз жыл ойнап, екі кубок жеңіп қана қоймай, 15 жыл бойы Анжело Мораттидің ұлы Массимомен жұмыс істедім, мені командана шақырған да дәл осы маман еді.

Бұл мырзалар клубты қайтадан керемет ету үшін емес, бизнес жасау үшін сатып алуда. Оларды басқа ештеңе қызықтырмайды. Олар тіпті спорт қалашығының атын өзгертті, енді оны Сунинг деп атайды, ал Мораттидің аты еш жерде кездеспейді. Оларда футбол мәдениеті жоқ, олар ойынды білмейді, тек ақша керек", - деп келтірді AS порталы Суарестің сөзін.

0 пікір