Андрей Ярмоленко: «Жасанды төсенішке және сырт алаңда ойнап жатқанымызға қарамауымыз қажет»

01.09.2021, 03:35
Яромоленко ертең негізгі құрамда шығуы мүмкін.
Андрей Ярмоленко: «Жасанды төсенішке және сырт алаңда ойнап жатқанымызға қарамауымыз қажет»

Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Андрей Ярмоленко Қазақстанға қарсы өтетін ойынға қатысты пікір білдірді:

- Біз жаттықтырушымен кездесіп, сөйлестік. Біз талаптарды білеміз, футболда бір ғана талап бар - алаңға шығып, жеңіске жету. Біз ертең алаңға шығып, жеңіске жету үшін жұмыс жасаймыз. Бізде екі жаттығу болды, күн сайын бір-бірімізді жақсы түсінудеміз.

Ұлттық құрамадағы 100-ші ойынды өткіземін бе, жоқ па білмеймін. Бшл сұрақты бапкерге қою керек. Мен ешқашан статистика үшін ойнаған емеспін, 100 матч соңғы нүкте емес, мен мұнымен тоқтамаймын. Мен бұл туралы не айтарымды да білмеймін. Ұлттық құрама үшін әр ойын мен үшін бірінші немесе соңғы матч сияқты болып көрінеді. Әр ойын өзінше эмоционалды, мен ұлттық құрамадағы барлық ойындар есімде. Ертең тағы бір ойын болады, біз алаңға шығып, бар күшімізді салып, жеңіске жетуіміз керек.

Мен украин тілінде сөйлеуге ұялдым, мен ата-анаммен сөйлесемін, бірақ бізде таза украин тілі жоқ. Егер мен басқа тілдегі кейбір сөздерді қолдана бастасам, адамдар маған күледі деп ойладым. Бірақ мен украин тілінде сұхбат бердім, содан кейін адамдар бәрі жақсы деп айтты. Егер бәріне ұнаса, мен украин тілінде сөйлеймін.

Жасанды төсеніш табиғи алаңға ұқсамайды. Сондықтан біз ойынға екі күн қалғанда келдік. Кеше біз осы алаңда дайындалдық, бүгін де жаттығу жұмыстары болды. Ертең біз жасанды алаңда ойнауға дайын боламыз деп үміттенемін, бұл екі команда үшін де бірдей болмақ. Доп дөңгелек, төсенішке және сырт алаңда ойнап жатқанымызға қарамауымыз қажет. Бұл ойынның біз үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Біз жеңуіміз керек, басқа таңдау жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×