Антуан Гризманн «Атлетико Мадридке» қайта оралды

01.09.2021, 14:11
Транфер құны небәрі 40 миллион еуроны құрады.
Антуан Гризманн «Атлетико Мадридке» қайта оралды

"Барселона" мен Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн мансабын "Атлетико Мадрид" клубында жалғастырады. Мадридтік клуб 30 жастағы футболшыны бір жылға жалға алды.

"Атлетико" маусым соңында ойыншыны 40 миллион еуроға сатып алуға құқылы. Ал Гризманның келуімен команданың жартылай қорғаушысы Сауль Ньигес "Челсиге" жалға берілді. Айта кетейік, 2019 жылы "Барселона" Антуанды сатып алуға 120 миллион еуро жұмсаған еді.

Гризманн 2019 жылдан бастап "Барселонаның" намысын қорғады, оған дейін ол "Атлетикода" ойнаған. Өткен маусымда 30 жастағы француз футболшысы барлық турнирлерде 51 кездесуге қатысып, 20 гол мен 13 нәтижелі пасты өз атына жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×