Англия кубогі. "Арсеналдың" сенімді жеңісі.

31.05.2015, 05:47
Англия кубогі. "Арсеналдың" сенімді жеңісі.
фото Getty Images Арсен Венгердің командасы Англия кубогінің финалында сенімді түрде жеңіске жетті.  Өткен жылы да осы турнирдің жеңімпазы атанған "Арсенал", "Астон Виллаға" қарсы ойында трофейді қорғап қала алды. "Зеңбірекшілердің" жылдам футболына, маусымның аяғына дейін Премьер-Лигадағы орнын сақтап қалуға таласқан "Астон Вилла" қарсы қару таба алмады. Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ лондондықтардың жеңісіне күмән да болмаған еді. Төрешінің ысқырығы естілісімен "Арсенал" допты өз иелегіне алып, қарсылас қақпасын торуылдауға кірісті. Дегенмен, шабуылдары нәтижені кеш берді. 40-шы минутта ғана Уолкотт есеп аша алды. Ал, екінші таймда да ойын барысы өзгермей, "Арсенал" 3 голмен көзге түсті. Алексис Санчестің алыстан бағыттаған соққысынан кейінгі ғажап голы, Мертезакердің бұрыштамадан кейін туындаған голы. Және де алаңға тыңнан қосылған Жиру да 90-шы минутта мергендігімен танылды. Арсенал-Астон Вилла  4:0 Голдар: Уолкотт, 40, Санчес, 50, Мертезакер, 62, Жиру, 90+4 Арсенал: Щесны — Бельерин, Мертезакер, Косельни, Монреаль — Касорла, Кокелен — Рэмси, Өзіл (Уилшир, 77), Санчес (Окслейд-Чемберлен, 90) — Уолкотт (Жиру, 77) Астон Вилла: Гивен — Хаттон, Окоре, Влаар, Ричардсон (Бакуна, 68) — Клеверли, Вествуд (Санчес, 71), Делф — Н'Зогбия (Агбонлахор, 53), Бентеке, Грилиш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×