Аңглия мен Голландия кездесуі кейінге қалдырылды

11.08.2011, 04:05
Аңглия мен Голландия кездесуі кейінге қалдырылды
Ұлыбритания астанасы Лондонның құқық қорғау және аталған елдің Футбол Ассоцияциясы өкілдері бас қосып, бүгін өтуі тиіс болған Англия мен Голландия құрамалары арасындағы жолдастық кездесуді кейінге қалдырды. Өткен сенбі күні Тоттенхэмде басталған жастардың тәртіпсіздігі бұл шешімге келудегі басты себеп болған. Сол уақыттан бері бассыздық шаралары елдің барлық аймағында орын алуда. Англия мен Голландия командаларының матчына 70 мыңнан астам билет сатылған екен. Тәртіп сақшылары, кездесудегі қауіпсіздікті қадағалауға шамамыз келмейді, деп ақталады. Әрине, мұндай ақпарат ағылшын құрамасының бас бапкері Фабио Капелло үшін ауыр тигені рас. Голландиямен өтетін кездесу, келесі айда ЕУРО-2012 біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында Болгария мен Уэльс құрамаларымен өтетін матч алдында үлкен сынақ болатын еді. Сонымен қатар жергілікті «The Sun» газетінің хабарлауынша, осы ретсіздіктер алдағы демалыс күндеріне жоспарланып отырған ағылшын премьер-лигасының басталуына да кедергі болатыны сөзсіз. "kaztrk.kz"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×