Бүгін Астанада футбол федерациясының аймақтағы өкілдері бас қосты

11.08.2011, 03:28
Бүгін Астанада футбол федерациясының аймақтағы өкілдері бас қосты
Премьер-лига командаларының басшылары қатысқан шарада облыстардағы футбол мәселесі ортаға салынды. Федерация президенті Әділбек Жақсыбеков аймақтардағы сала мамандарының есебін тыңдап, қауымдастықтың жұмысымен танысты. Он төрт облыс пен екі қаланың балалар футболын дамыту жайында да әңгіме болды. Қазір жасөспірімдер мектебінің ақсап жатқаны белгілі. Сауатты балалар бапкерлері де аз. Сондықтан отандық мамандарды шетелге оқуға жіберу, футбол мектептерін қалыптастыру жағын қолға алған жөн. Аймақтағы бұқаралық футболдың дамуына назар аударып, спорт кешендерінің талапқа сай болуы да басты мәселенің бірі. Федерация президенті Әділбек Жақсыбеков енді облыстық федерациямен тығыз байланыста жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен қатар әр аймақтың алдағы жылдарға арналған жоспарларын жасау туралы тапсырма берді. Асылбек Тоқбаев, СҚО Футбол федерациясының өкілі: - Жалпы осы көтерілген мәселенің бірі осы Республикалық футбол федерациясының аймақтық облыстық федерациялармен қарым қатынасы жөнінде. Өте көп сұрақтар бар. Шынында да қарым қатынас шалағай.Ең бастысы Республикалық федерация облыстардағы футбол клубтарымен жұмыс істейді дағы, федерациялар дұрыс жұмыс істемейді облыстарда. Футболдан Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Он күндік дайындық жұмыстары Алматыдағы базада өтті. Кеше Алматының Қайратымен жолдастық кездесу өткізген Крчмаревич шәкірттері 2:2 есебімен тең түсті. Командалар 30 минуттан үш тайм ойнады. Алдымен есепті Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары ашты. Абзал Бейсебеков екінші кезеңде айып добын әдемі теуіп, жастарды алға жетеледі. Сосын футболшылар соңғы таймда белсенді ойнап, нәтижелі ойын көрсетті. Евгений Левин жастар сапынан екінші голды соғып, есепті еселей түсіп еді, артынша Қайрат ойыншылары лайықты жауап қатты. Константин Головской он бір метрліктен айырманы қысқартты. Ал матчқа Алматылық Райханов нүкте қойды. Қорытынды есеп:2:2. Қазақстан жастар құрамасы ресми кездесуін қыркүйекте Румыния және Словакиямен өткізеді. Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі ойындар Алматыда болады. "khabar.kz"
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×