Англия Премьер-лигасында түк бітіре алмаған ТОП-5 бапкер

Олар Англияға келіп, өтемақыда көрсетілген миллиондарды қалталарына басты.
Англия Премьер-лигасында түк бітіре алмаған ТОП-5 бапкер

Жұмыстан шығу сіздің сәтсіздікке ұшырағаныңызды білдірмейді. Англия үшін бұл әдетке айналған нәрсе. Мұнда "Тоттенхэмді" ортаңқол командадан үлкен амбициясы бар командаға айналдырған Маурисио Почеттино жұмыстан қуылған. Ерекше бапкер Жозе Моуриньо да бір емес бірнеше рет қызметінен босатылды.

Тіпті мықты бапкерлердің өзі Англияда түк істей алмай, өтемақыда көрсетілген миллиондарды қалтасына басқан. Бүгін АПЛ-де ештеңе бітіре алмаған бапкерлер жайлы айтатын боламыз.

5. Луи ван Гал – "Манчестер Юнайтед"


Дэвид Мойес клубтан кеткеннен кейін Луи ван Гал 2014 жылы "Манчестер Юнайтедтің" жаңа жаттықтырушысы болып бекітілді. Ол "Бавариямен" Бундеслиганы, "АЗ Алкмармен" Эредивизияны және "Барселонамен" Ла Лиганы жеңіп алды, сонымен қатар Голландияны 2014 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер етті. Ван Гал сэр Алекс Фергюсоннен кейін "Манчестер Юнайтедті" қайта тірілте алатын бапкер сияқты көрінді. Өкінішке орай, жағдай мүлдем басқаша болды.

Ван Галдың "Манчестер Юнайтедтегі" жеңіске жету көрсеткіші 52,43%-ды құрады. Яғни, екі ойынның біреуінде ғана жеңіске жетіп отырған. Бұл голландиялық бапкердің мансабындағы ең нашар көрсеткіш. "Қызыл сойқандар" маусымды бесінші орынмен аяқтады. Луи ван Галдың Англия Кубогін жеңіп алғанына қарамастан, клубтан қуылғанына ешкім таң қалмады.

4. Феликс Магат – "Фулхэм"


"Фулхэм" 2014 жылдың ақпанында неміс жаттықтырушысымен келісім-шарт жасасқан кезде, барлығы қуанды. Клуб сол кезде өте қиын жағдайда болды және маусымның аяқталуына 12 тур қалғанда, Премьер-лигада қалу шығу үшін күрес жүргізді. Феликс Магат өте дұрыс нұсқа болып көрінді, себебі бұрындары ол "Нюрнберг", "Айнтрахт Франкфурт" және "Вердер Бремен" сияқты командаларды төменгі лигаға түсуден құтқарып қалған.

Дегенмен, бапкердің қабілетіне деген сенім ұзаққа созылмады. "Фулхэм" көп ұзамай Чемпионшипке жол тартты. Ең сорақысы, Магат келесі маусым бастала салысымен, команданы қатарынан төрт рет жеңіліске ұшыратты. Жеңіссіз серия он бір матчқа созылғандықтан, "Фулхэм" Магатты қызметінен босатты.

3. Хуанде Рамос - "Тоттенхэм"


Хуанде Рамостың бапкерлік мансабы "Севильяда" шырқау шыңына жетті (ол испаниялық клубпен бірге бірнеше рет УЕФА кубогін жеңіп алды) және 2007 жылы Мартин Йол жұмыстан қуылғаннан кейін "Тоттенхэм Хотспур" оған тез арада келісім-шарт ұсынды. Ол кезде "Тоттенхэм" ең соңғы орындарда тұрды. Алайда, олар испаниялық маманды таңдау арқылы қатты қателесті.

Онымен бірге "Тоттенхэм" маусым соңында Лига кубогін жеңіп алып, АПЛ-де турнирлік кестенің бел ортасынан ойып тұрып орын алды. Рамостың Англияда жолы болмады деп айтқанымызбен, ол "Тоттенхэмге" ХХІ ғасырдағы жалғыз трофейін жеңіп алуға көмектесті.

Алайда, клуб көп ұзамай бұрынғы орнына қайта оралды: жаңа маусымда лондондықтар Хуанде Рамостың жетекшілігімен сегіз ойында небәрі екі ұпай жинады. Ол 2008 жылдың қазанында қызметінен кетті, ал оның орнын Гарри Реднапп басты.

2. Андре Виллаш-Боаш – "Челси"


Бұл жаттықтырушыны алу үшін "аристократтар" 15 миллион еуро төледі. Виллаш-Боаш "Челсиге" 2011 жылы келді, бірақ оған төленген сома әлі күнге дейін рекорд болып саналады.

2012 жылғы қысқы трансферлік терезе аяқталғанда, "Челси" үздік төрттікке ену үшін күрес жүргізіп жатты. Бірқатар жеңілістер мен Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін, сондай-ақ бірқатар тактикалық өзгерістерден соң Виллаш-Боаш жұмыстан қуылды. Ол Лондонда тоғыз ай тұрақтады.

1. Франк Де Бур – "Кристал Палас"


Футболшы ретінде тамаша ойнаған Франк де Бурдың жаттықтырушылық мансабы сәтті бола қойған жоқ. "Аякспен" төрт рет Эредивизияда топ жарғанымен, оның деңгейі төмен болды. "Барселонаның" бұрынғы жұлдызы "Кристал Пэлас" тізгінін ұстаған уақытты мәңгілікке ұмытқысы келеді.

Миландық "Интердің" бапкері ретінде 14 ойын ғана өткізіп, жұмыстан шығарылғанына қарамастан, "Кристал Пэлас" де Бурды шақыру арқылы тәуекел жасауға бел буды. Бұл олардың ең үлкен қателігі болды. 2017 жылдың маусымында бапкер болып, 2017 жылдың қыркүйегінде жұмыстан босатылған де Бур лиганың алғашқы төрт ойынында ұтылды және осы ойындарда гол соға алмай, 93 жыл бұрынғы рекордты жаңартты.

Жозе Моуриньо Франк де Бурды Премьер-лига тарихындағы ең нашар жаттықтырушы деп атады және Жозенің бұл пікірімен келіспеу өте қиын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×