Англия Премьер-лигасының қазан айындағы үздік ойыншысы анықталды

12.11.2021, 23:04
Мысырлық футболшы өткен айда 5 гол соғып, 4 ассист жасады.
Англия Премьер-лигасының қазан айындағы үздік ойыншысы анықталды

«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах Англия Премьер-Лигасының қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі. Төрт ойында 29 жастағы мысырлық футболшы 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Оның ішінде «Манчестер Юнайтедпен» болған ойында (5:0) хет-трик жасады.

Салах дауыс беру кезінде Бэн Чилуэлл («Челси»), Максвелл Корне («Бёрнли»), Филип Фоден («Манчестер Сити»), Валентино Ливраменто («Саутгемптон»), Аарон Рэмсдейл («Арсенал»), Деклан Райс («Вест Хэм») және Юри Тилемансты («Лестер») басып озды.

Қыркүйек айында «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанған болатын.

Салах осы маусымда мерсисайдтық клуб үшін барлық турнирлерде 15 ойынға қатысып, 15 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×