Англия Премьер-лигасының тамыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

16.09.2022, 22:32
Шабуылшы тамыз айында тоғыз гол соқты.
Англия Премьер-лигасының тамыз айындағы үздік ойыншысы анықталды

«Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд Премьер-Лиганың тамыз айындағы үздік ойыншысы атанды.

22 жастағы норвегиялық футболшы тамыз айында «Манчестер Сити» үшін 5 ойынға қатысып, 9 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Осы маусымда шабуылшы барлық турнирлерде 9 матч өткізіп, 13 гол соқтя, 1 голдық пасы бар. Оның клубпен келісім-шарты 2027 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Холандтан дауыс беру кезінде Паскаль Гросс («Брайтон»), Габриэль Жезус («Арсенал»), Александр Митрович («Фулхэм»), Мартин Эдегор («Арсенал»), Ник Поуп («Ньюкасл»), Родриго («Лидс») және Уилфрид Заханы («Кристаль Палас») басып озды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×