Әли Әлиев: «Мақтааралдың» мықты екенін, өз алаңында комбинациялық футбол ойнайтынын білдік»

16.09.2022, 19:45
«Қызыл-Жар» бапкері бір ұпайды алтынға теңеді.
Әли Әлиев: «Мақтааралдың» мықты екенін, өз алаңында комбинациялық футбол ойнайтынын білдік»

«Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Әли Әлиев Премьер-лиганың 20-туры аясында «Мақтааралмен» (1:1) болған ойынға қатысты пікір білдірді:

– Біріншіден, жігіттеріме осындай жолды жүріп өтіп, оның ішінде біраз уақытын кетіріп, Шымкенттен Түркістанға барғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Оны физиологиялық тұрғыдан сезінген адам түсінеді. Сондықтан жігіттеріме сол батылдығы үшін, өз жұмысына кәсіби көзқарасы үшін және бүгін футбол алаңында атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді.

Біз стратегияға төтеп бердік. «Мақтааралдың» мықты екенін, өз алаңында комбинациялық футбол ойнайтынын білдік, олар өздерінің жаттығуда жасаған комбинацияларын пайдалануға тырысады. Шынымды айтсам, біз бұл команданы өте тыңғылықты және ұзақ зерттедік. Маған бұл команда Константин Александрович келгенге дейін де ұнайтын. Команда техникалық футбол позициясымен ойнауға тырысады. Сондықтан бұл ұпайды оңай алған жоқпыз және бұл маңызды тұс екенін мойындауымыз керек, белгілі бір дәрежеде «алтын ұпай» деуге де болады.

Ойын туралы тағы не айтуға болады. Біздің де сәттеріміз болды. Эльгуджа Лобжанидзе гол соқты, бірақ тағы екі мүмкіндік болды. Өкінішке орай, сәттілік біз жақта болмады. Қазір біз үзіліске кетіп жатырмыз, осы сәттерді пайдаланамыз деп ойлаймын. «Мақтааралға», әрине, жарақаттары азайып, жеңістері көп болсын деп тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×