Англия құрамасы өзіне тиесілі рекордты қайталады

16.11.2021, 16:25
Ағылшындар жарты ғасырдан астам уақыт бойы мұндай нәтиже тіркемепті.
Англия құрамасы өзіне тиесілі рекордты қайталады

Англия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Мариноны 10:0 есебімен жеңді.

"Тоттенхэм" шабуылшысы Гарри Кейн бұл ойында покер жасады. Opta порталының айтуынша, бұл ағылшындардың 1964 жылдан бергі ең ірі жеңісі. Ол кезде АҚШ құрамасын да дәл осындай есеппен жеңген екен.

Іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Англия 26 ұпаймен І тобында бірінші орын алып, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Бірде-бір ұпайы жоқ және 1:46 гол айырмасымен Сан-Марино соңғы орыннан табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×