Гарри Кейн Англия құрамасының үздік сұрмергендері тізімінде үшінші орынға көтерілді

16.11.2021, 16:41
Тағы алты гол соқса Кейн рекордсмен атанады.
Гарри Кейн Англия құрамасының үздік сұрмергендері тізімінде үшінші орынға көтерілді

Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 10-шы турында Сан-Мариномен болған ойында (10:0) покер жасады.

Осылайша, Гарри Кейн Англия құрамасында соққан голдар санын 48-ге жеткізді. Ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде «Тоттенхэм» шабуылшысы Джимми Гривзді (44 гол) айналып өтіп, өзі үшінші орында тұрған Гари Линекерді (48 гол) қуып жетті. Екінші орында Бобби Чарльтон (49), ал Уэйн Руни көш басында (53) тұр.

Сонымен қатар Кейн іріктеу кезеңіндегі үздік сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты. Футболшы 7 ойында 12 гол соғып, 9 ойында 11 мәрте көзге түскен Голландия құрамасының шабуылшысы Мемфис Депайды артқа тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×