«Тобыл» клубы бас бапкепге қатысты мәлімдеме жасады

16.11.2021, 18:01
Қостанайлық клуб әзірше Москаленкоға сенім артпақ
«Тобыл» клубы бас бапкепге қатысты мәлімдеме жасады

Кейбір әлеуметтік желілерде «Тобылдың» жаңа бас бапкер іздеп жатқаны туралы ақпарат жарияланды.

Бірақ қостанайлық клубтың басшылығы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және бас бапкер лауазымына үміткерлердің ізделініп жатпағанын хабарлады.

Естерңізде болса, «Тобыл» өткен маусымды Григорий Бабаянның жетекшілігімен бастаған еді. Бірақ маусым ортасында Бабаян ЦСКА клубына кеткендіктен, тізгінді Александр Москаленко ұстады. Оның басшылығымен қостанайлық клуб Қазақстан чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×