Англия құрамасы Рунисіз ойнайды

17.10.2011, 03:35
Англия құрамасы Рунисіз ойнайды
Еуро-2012-нің іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Бірақ футболсүйер бірталай жанкүйердің көңлі жабырқаулы. Өйткені, Польша мен Украинаға жолдама ала алмаған командалар сапында өнер көрсеткен Эден Азар, Милош Красич, Гарет Бэйл, Ромелу Лукаку, Марек Гамшик, Неманья Видич, Деян Станкович секілді бірқатар жұлдыздар «Еуроны» жанкүйерлермен бірге теледидардан тамашалуға тура келеді. Олардың қатарын Уейн Руни де «толықтырады» деген қауіп бар. Англия ойынын саралап, ой сүзгісінен өткізсек құрама тек оң пікір қалыптарсырды. Іріктеу турнирден сүрінбей өтті. «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы болса ойындарды әжеп-тәуір сәтті өткізіп әріптестерінің қозғаушы күші, басты қаруы бола білді. Енді не? Сөйтсе, «гәп» мынада екен… Черногория мен Англия арасында өткен 9 турда Руни 73 минутта допты жоғалтып алған соң қарсылас ойыншы Миодра Джуданы арттан кеп аяқтан теуіп жығыпты. Бұл оқиға УЕФА комитетінің назарынан тыс қалған жоқ. Назарға алғандай қандай, тіпті, Руниге байланысты тым қатал шешім шығырып қойды ма деген ой да туады. Еурапаның фотбол шенеуніктері Уейннің әрекетін тым дөрекі санап оны үш ойыннан шеттету туралы шешім қабылдапты. Бұл дегеніміз – оның есімі ойын парақшасында жазылса да алғашқы үш ойында Руни алаңға шыға алмайды деген сөз. Ағылшындардың бас бапкері Фабио Капелло шәкіртінің қылығы туралы былай деді: «Рунидің ол матчта ойыны жүрмеді. Оның әрекетін іштей күйзелген адамның ықтиярсыздықтан жасаған артық қимылы деп сипаттауға болады. Мен оның алаңда не ойлап әр сәтте не істемек екенін болжай алмаймын ғой. Руни ойыннан кейін дөрекілігі үшін кешірім сұрады. Оның ойын алаңынан қуылуы да заңды деп есептеймін» Әрине, қараптан-қарап жазық жерде жазықсыз қарсыласын қастандықпен тебу ер жігітке тән емес. Мәселеге үңілек, біраз күнге дейін оның әкесі Уейн Руни (әкесі) мен 54 жасар ағасы Ричи Руни полициямен букмекерлік былықшылықтарға қатысты деп танылып құрықталды. Соған байланысты Рунидің жүйкесі алаңда сыр берген көрінеді. Ойыннан кейінгі баспасөз маслихатында ағылшындардың италиандық бапкері «Енді топтық кезеңде Рунисіз ойнауға тура келеді» деді. Олжас ОҚАСОВ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×