Англия ұлттық құрамасы Фабио Капеллоның орнына кандидат іздеуге асығар емес

11.02.2012, 18:35
Англия ұлттық құрамасы Фабио Капеллоның орнына кандидат іздеуге асығар емес
Англия футбол федерациясы өз еркімен отставкіге кеткен Англия ұлттық құрамасының экс-бас жаттықтырушысы Фабио Капеллоның орнына кандидат іздеуге асығар емес.  Италиялық бапкер  Англия футбол федерациясы басшылығы  ұлттық құраманың қорғаушысы  Джон Терриді капитандық статустан айырғаны үшін   осындай шешім қабылдағанын алдыңғы хабарларымызда айтқанбыз.  Англия футболының басшысы Дэвид Бернштейн арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәслихатындаГолландиямен өтетін алдағы жолдастық матчқа бас команданы жастар құрамасын баптап жүрген  Стюарт Пирс бастап шығатынын жеткізді.  Сондай-ақ  футбол басшысы өз сөзін   ұлттық құраманың тізгінін кезі келгенде  «лайықты маманның қолына тапсырамыз»  деп түйіндеді. http://ktk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×