Англияда кубоктік ойындар

29.01.2011, 02:27
Англияда кубоктік ойындар
Бұл аптада ағылшын премьер-лигасының командалары кубоктік кездесулер өткізеді, сол себепті олар кезекті тур ойындарын келесі сейсенбі және сәрсенбі күндері өткізеді. Кубоктік ойындарға жорамал жасамауды жөн санадық, өйткені көбнесе командалар қосалқы құрамын шығарып жатады. Сонымен 29 қаңтар, сенбі: «Шальке-04» – «Хоффенхайм» –  Ф.Магаттың командасы бұл чемпионатты өте нашар бастады, бірақ соңғы кездесулер былтырғы ойын деңгейіне жақындап қалғанын көрсетті. Өткен турда «Шальке» сырт алаңда «Ганноверді» жеңді. «Хоффенхаймға» келер болсақ, бұл команда оңай шағылар жаңғақ емес, қорғанысы мығым, шабуылда жоғары деңгейлі легионерлері бар. Болжам, 1:1; «Вольфсбург» – «Боруссия Д» – Дортмундтықтар өткен турда жеңісті соңғы минуттарда қолдан жіберіп алды. Жалпы олардың биыл чемпионатты жеңу мүмкіндігі жоғары. «Вольфсбургтің» биылғы жағдайы мәз емес. С.Маклареннің командасынан ең үздік шабуылшысы Э.Джеко ағылшынның «Манчестер Сити» командасына ауысты, бұл шабуыл шебін әлсіреткені анық. Дегенмен ойын тең немесе «Боруссия» жеңісімен аяқталуы мүмкін, 1:2; «Нюрнберг»  – «Гамбург» – «Гамбург» басымдау, бірақ сыртта ойнайтынын ескеріп тең түседі деп ойлаймын; «Вердер»  – «Бавария» – Мюнхендіктер қазір бабында, бремендік музыканттарды жеңуі тиіс, 1:3; «Санкт-Паули» – «Кельн» – екеуі тең командалар, сондықтан 1:1 деп сәуегейлік жасап көрейік; «Кайзерслаутерн» – «Майнц» – «Кайзерслаутерн» жеңіске жетеді, есеп 3-1; «Малага» – «Сарагоса» – алаң иелерінің жеңісі, 2:0; «Леванте» – «Хетафе» – тең түседі, 1-1; «Мальорка» – «Спортинг Хихон» – 3:1; «Реал Сосьедад» – «Альмерия» – 0:0; «Эркулес» – «Барселона» – бірінші айналымда осы қарсыластан Х.Гвардиола шәкірттері өз жанкүйерлері алдында жеңіліс тапқан болатын, бұл жолы есе қайтаратын кез келген секілді. Қарсыластардың бірінен соң бірін ірі есеппен талқандап келе жатқан «Барселона» жеңіске жетер, тек қандай есеппен жеңер екен, меніңше 1:3; «Лацио» – «Фиорентина» – 0:0; «Катания» – «Милан» – «Миланның»  қарқыны күшті, команда сапын «Аякс» жартылай қорғаушысы Эммануэльсон толықтырды және Кассано да миландықтардың ойынына еш қиындықсыз үйреніп кетті. Биыл «Скудеттоға» біртабан жақын тұрған М.Аллегридің командасы «Катаниядан» айласын асыруы тиіс, есеп 0-3; «Валансьен» – «Лион» – 1:3; «Лорьен» – «Брест» – 1:1; «Сошо» – «Ренн» – 1:1; «Сент-Этьен» – «Тулуза» – 1:0; «Кан» – «Осер» – 0:0; «Арль» – «ПСЖ» – 0:2; «Лилль» – «Ланс» – 3:1. 30 қаңтар, жексенбі «Штутгарт» – «Фрайбург» – Алаң иелері бапкер ауыстырғалы олардың ойыныда жақсы өзгерістер байқалады. «Фрайбургте» тәуір ойнап жүрген команда, дегенмен мен жеңісті алаң иелеріне берем, 4-2; «Айнтрахт» – «Боруссия М» – «Айнтрахттың» жеңетініне сенім мол, 2:0; «Атлетико Мадрид» – «Атлетик Б» – 1:1; «Осасуна» – «Реал Мадрид» – Ж.Моуриньо клуб басшылығымен кейбір сұрақтар жөнінде келісе алмай, командадан жазда кететінін мәлімдеп үлгерді, тіпті ағылшын премьер-лигасын меңзеді. «Манчестер Сити» командасы болуы әбден мүмкін. Ал «Реалдың» соңғы ойындары команда кризисте екенін дәлелдейді, дегенмен бұл ойында мадридтіктер жеңетін шығар, 0-2; «Эспаньол» – «Вильярреал» – тең түседі, 1-1; «Депортиво» – «Севилья» – «Севилья» ойыны қайта түзелді, есеп 1-2; «Брешиа» – «Кьево» – 1:0; «Интер М» – «Палермо» – Леонардо келгелі миландықтар қайта күшіне енді десе де болады, оған команданың соңғы көрсеткіштері куә. Есеп 3:1; «Кальяри» – «Бари» – 2:0; «Дженоа» – «Парма» – 0:0; «Наполи» – «Сампдория» – 1:0; «Лечче» – «Чезена» – 2:0; «Болонья» – «Рома» – 1:1; «Ювентус» – «Удинезе» – 1:0; «Бордо» – «Ницца» –2:1; «Нанси» – «Монпелье» – 0:0; «Монако» – «Марсель» – 1:2.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×