Анхель Ди Мария ресми түрде «Ювентус» ойыншысы атанды

09.07.2022, 16:37
Аргентиналық футболшы қысқа мерзімді келісім-шартқа қол қойды.
Анхель Ди Мария ресми түрде «Ювентус» ойыншысы атанды

Аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария «Ювентуспен» бір жылдық келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды туриндік клубтың баспасөз қызметі. Ол жаңа командасында Федерикоға Кьезаға тиесілі болған 22-ші нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

Анхель 1 шілдеде «Пари Сен-Жерменмен» келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты еркін агент атанған еді. Аргентиналық ойыншының «Ювентусқа» келуіне бас бапкері Массимилиано Аллегри себепкер болды.

Ди Мария ПСЖ сапында 295 ойынға қатысып, 93 гол мен 119 нәтижелі пастың авторы атанды. Клубпен бірге бес рет Франция чемпионы атанды. Анхель бұған дейін «Росарио Сентрал», «Бенфика», «Реал Мадрид» және «Манчестер Юнайтед» командаларында ойнаған. Аргентина құрамасында 2021 жылғы Америка кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×