Лука Йович мансабын Италияда жалғастырады

09.07.2022, 17:05
Мадридтік клуб футболшыны тегін жіберді.
Лука Йович мансабын Италияда жалғастырады

«Реал Мадрид» шабуылшысы Лука Йович «Фиорентинаға» ауысты, деп хабарлайды италиялық клубтың ресми сайты.

Сербиялық футболшы жаңа командасымен «2+1» схемасы бойынша келісім-шартқа отырды. Соған сәйкес, Йович алғашқы екі маусымда жылына 2,5 миллион еуро, ал үшінші маусымда 5 миллион еуро алатын болады.

«Фиорентина» Йович үшін «Реал Мадридке» бір тиын бермейді. Есесіне мадридтік клуб футболшы клубын ауыстырған жағдайда трансфер сомасының 50 пайызын иеленеді

Өткен маусымда Йович «Реал Мадрид» сапында 19 матч өткізіп, бір гол соқты. Шабуылшының клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін есептелген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×