Анхель Ди Мария жазда ПСЖ-дан кетеді

24.04.2022, 20:30
Футболшы мансабын Италияда жалғастыруы әбден ықтимал.
Анхель Ди Мария жазда ПСЖ-дан кетеді

«Пари Сен-Жерменнің» жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария клубпен келісім-шартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізген жоқ және маусымның соңында командадан еркін агент ретінде кетеді, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің айтуынша, париждік клуб аргентиналық футболшымен қоштасу туралы шешім қабылдады. Ди Марияның ПСЖ-мен келісім-шарты 2022 жылдың 30 маусымында аяқталады. Осы ретте туриндік «Ювентус» футболшымен келіссөздер жүргізуді бастап кетті.

Франция чемпионатының ағымдағы маусымында 34 жастағы Ди Мария париждіктер сапында 22 ойын өткізіп, 3 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Ал кеше оның командасы мерзімінен бұрын чемпион атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×